Сүлеймен Демирел университетінде бомба бар деп хабарланды

0
401

Сондай-ақ университеттің баспасөз қызметі қазіргі уақытта ешқандай қауіп жоқ екенін сөз етті.


Сүлеймен Демирел университетінде бомба бар деп хабарланды

ERNUR.KZ. Сүлеймен Демирел университетіне бомба қойылды деген хабар түсуіне байланысты студенттер сыртқа шығарылды. Оқиғаның видеосы әлеуметтік желіде тарады, деп жазады inform.kz.

Сүлеймен Демирел университеті әкімшілігі облыстағы бірнеше ұйымға лаңкестік әрекет ықтималдығы туралы хабарлама түскенін нақтылады.

«Қазір құқық қорғау органдары тексеріс жүргізіп жатқанын, барлық қауіпсіздік шаралары қабылданғанын атап өткіміз келеді. Бұл шара біздің қауымдастықтың бүкіл мүшелерінің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған. Студенттеріміздің, қызметкерлеріміздің және келушілеріміздің қауіпсіздігі біз үшін бәрінен маңызды» деп хабарлады ЖОО-ның баспасөз қызметі.

Сондай-ақ университеттің баспасөз қызметі қазіргі уақытта ешқандай қауіп жоқ екенін сөз етті.

Еске салсақ, өткен жылы 14 бала полицияға бомба туралы өтірік хабар берген болатын.

Оның көбі — алматылық.