Сүйіктісіне гүл сыйламақ болған ақмолалық суға батып кетті

0
412

Ер адам суға түсіп, сүйіктісіне лала гүлін жұлып алып бермекші болған.


Сүйіктісіне гүл сыйламақ болған ақмолалық суға батып кетті

ERNUR.KZ. Ақмола облысында сүйіктісіне өзен лала гүлін жұлып алмақшы болған ер адам суға батып кетті, деп жазады ҚазАқпарат.

Ведомствоның мәліметінше, маусымның 22-де кешкі сағат 18:48 құтқару қызметінің байланыс пультіне Жабай өзенінде адамның суға батып кеткендігі туралы хабарланды.
«Анықталғандай, 52 жастағы ер адам азаматтық некедегі жұбайымен Жабай өзеніне балық аулауға барған. Бір сәтте, ер адам суға түсіп, сүйіктісіне лала гүлін жұлып алып бермекші болған. Алайда, жағаға шығарда ер адам суға батып кетті», - деді ведомстводан.
Іздестіру жұмыстарына Ақмола облысы ТЖД Жедел құтқару жасағының құтқарушылары жұмылдырылды. Бүгін таңертең ер адамның денесі өзен бойындағы өсімдіктердің арасынан табылды.