Студент өлімі: Мемлекет басшысы ішкі істер министріне тапсырма берді

0
830

​6 қазанға қараған түні Щучьедегі теміржол бойынан жас жігіттің мәйіті табылды.


Студент өлімі: Мемлекет басшысы ішкі істер министріне тапсырма берді

Мемлекет басшысы Ішкі істер министріне Ақмола облысының Щучье қаласында болған студенттің өліміне қатысты барлық мән-жайды жан-жақты тексеруді тапсырды, деп хабарлайды ERNUR.KZ Ақорда ресми сайтына сілтеме жасап.

"Кінәлілер заң талаптарына сай жауапқа тартылуы керек. Президент бұл мәселені ерекше бақылауға алды", - делінген хабарламада.
Естеріңізге сала кетейік, 6 қазанға қараған түні Щучьедегі теміржол бойынан Жоғары техникалық колледждің 4-курс студенті өлі табылды.
Марқұмның аты-жөні – Роман Бодагов. Полиция мәліметінше, оның мәйіті Бурабай курорты мен Жамантұз арасындағы учаскеде теміржол бойынан табылған. Полиция ҚР ҚК-нің 344-бабы 2-бөлігі ("Абайсызда адам өліміне әкеп соққан жол қозғалысы немесе теміржол көлігін пайдалану қауіпсіздігі ережелерін бұзу") бойынша соталды тергеу бастады.