Солтүстік Қазақстанда ірі құс фабрикасы ашылды

0
379

Қазақстанда биыл 6 құс фабрикасының тұсауы кесілмек. Оның үшеуі Қызылжар өңірінде ашылады.


Солтүстік Қазақстанда ірі құс фабрикасы ашылды

ERNUR.KZ. Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданына қарасты Аралағаш ауылында құс фабрикасының тұсауы кесілді, деп жазады baq.kz.

Кәсіпорын жылына 10 мың тоннаға дейін тауық етін шығаруға қауқарлы. Өндіріс орнында жаңадан 170 жұмыс орны ашылды, деп хабарлайды BAQ.KZ өңірдегі тілшісі.

Құс фабрикасын салуға 7,2 млрд теңге жұмсалды. Оның 4 млрд теңгеден астамы мемлекет есебінен бөлінді. Кәсіпорын несиені 8 жылда қайтаруы тиіс. Ал инфроқұрылым бюджет есебінен тартылған.

Кешенде тауық өсіру, бордақылау, сою және қаптама цехтары бар. Жуық арада жем әзірлейтін зауыт та іске қосылмақ. Яғни кәсіпорын толық циклда жұмыс істейді. Еуропадан әкелінген қондырғылар орнатылған. Бәрі автоматтандырылған.
Менің құс еті өндірісі саласында еңбек етіп жүргеміне 12 жыл болды. Бұған дейін Петропавл бройлер фабрикасында жұмыс істедім. Мына кәсіпорында техниканың барлығы жаңа. Жалақысы да көбірек. Қаланың ар жағында тұрсам да, қызметтік көлік алып келіп, үйге апарып тастайды. Ұжымға әлі де мамандар қажет, - дейді фабрика жұмысшысы Наталья Белобородова.
Солтүстік Қазақстан халқы жылына 8,5 мың тонна құс етін тұтынады. Өңірде бірнеше фабрика жұмыс істеп тұр. Алайда олар ішкі сұранысты да қамтамасыз ете алмай отыр.
Өңірде жұмыртқа өндірісімен қатар, етті құс шаруашылығын да дамып келе жатыр. Бұған дейін облыста бір ғана бройлер құс фабрикасы болған. Қазан айында Қызылжар ауданында осындай нысан ашылды. Жаңа кәсіпорын әзірге жылына 5 мың тонна құс етін өндіреді. Болашақта бұл көрсеткіш екі еселенеді. Жаңа құс фабрикасы жылына 100 мыңнан астам адамды етпен қамтамасыз ете алады. Облыс орталығында 2023 жылы тағы бір құс фабрикасы іске қосылады. Үш құс фабрикасы толық қуатына шыққанда 16 мың тонна құс еті өндірілмек. Ал облыстың сұранысы 8,5 мың тоннаны құрайды. Яғни, сұраныс толық жабылады. Өнімді сыртқа шығаруға мүмкіндік туады, - дейді СҚО әкімі Құмар Ақсақалов.
Қазақстанда биыл 6 құс фабрикасының тұсауы кесілмек. Оның үшеуі Қызылжар өңірінде ашылады.