СҚО-да жол апатынан 5 адам қаза тапты

0
377

Оқыс оқиға бүгін сағат 07:55-те болған.


СҚО-да жол апатынан 5 адам қаза тапты

ERNUR.KZ. СҚО Тайынша ауданы Аймақ ауылының маңындағы Көкшетау-Омбы автожолының 53 шақырымында Lexus және «ВАЗ-2104» автокөліктері соқтығысып, оқиға қағылы жағдаймен аяқталды, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

Алдын ала анықталғандай, Lexus автомашинасы Көкшетау қаласынан келе жатып қарсы беттегі жол жолағына шығып кеткен.

«ЖКО салдарынан 7 адам зардап шекті: 5 адам оқиға орнында қайтыс болды, оның ішінде 2 автокөліктің жүргізушілері. Қалған зардап шеккендер медициналық көмек көрсету үшін Көкшетау қаласындағы ауруханаға жеткізілді. Жүргізушілерден медициналық куәландыру жүргізу үшін қан алынды», - делінген хабарладама.

ЖКО фактісі ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабының 4-бөлігі бойынша «Көлік құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлік құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы абайсызда екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соққан іс-әрекет» бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімінде тіркелген. Қажетті сараптамалар тағайындалды.