Шетелдік автокөлікті Қазақстанға әкелу кезінде электронды төлқұжат жүйесінен ақпарат қажет емес

0
650

Қаулы 2023 жылғы 8 желтоқсанда күшіне енді.


Шетелдік автокөлікті Қазақстанға әкелу кезінде электронды төлқұжат жүйесінен ақпарат қажет емес

ERNUR.KZ. Үкімет басқа мемлекеттің құзыретті органында тіркелген көлік құралдарының Қазақстан аумағына кіру (әкелу) ережелері мен талаптарына тиісті толықтыру енгізді, деп жазады zakon.kz.

Қағидаларға енгізілген өзгерістерге сай, шетелдік автокөлікті Қазақстанға енгізу (әкелу) үшін көлік құралының электронды төлқұжат жүйесінен мәліметтер уақытша талап етілмейді.

Бұл шара Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің көлік құралдарының электронды паспорттық жүйелерін (көлік шассиінің паспорттары) және өзі жүретін көлік құралдарының электронды паспорттарын және басқа да техника түрлерінің интеграциялық процестері аяқталғанға дейін енгізіліп жатыр.

Қаулы 2023 жылғы 8 желтоқсанда күшіне енді.