Петропавлда жол апаты болып, жедел жәрдем көлігі өртеніп кетті

0
895

Әлеуметтік желіде жанып жатқан жедел жәрдем көлігінің видеосы пайда болды.


Петропавлда жол апаты болып, жедел жәрдем көлігі өртеніп кетті

ERNUR.KZ. Петропавлда жол апаты болып, жедел жәрдем көлігі жанып кетті, деп жазады Stan.kz.

Әлеуметтік желіде жанып жатқан жедел жәрдем көлігінің видеосы пайда болды.

Полицейлер хабарлағандай, 21 тамызда таңғы сағат 4:30 шамасында 1966 жылы туған ГАЗ автокөлігінің (жедел жәрдем) жүргізушісі рульді басқара алмай, ағашқа соғылды.

"Медициналық сараптаманың қорытындысы бойынша, ГАЗ көлігінің жүргізушісі алкоголь қолданбаған. Жол -көлік оқиғасы салдарынан ер адам жарақат алып, облыстық ауруханаға жатқызылды", - деп хабарлады полиция.

Апат фактісі бойынша материал процессуалдық шешім қабылдау үшін Петропавл қаласының әкімшілік полиция бөліміне берілді.

Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі апат салдарынан көліктің қозғалтқыш бөлігінде өрт шыққанын хабарлады.

Өрт қозғалтқыш бөлімі мен корпусына зақым келтірді. Көліктің салоны қираған. Петропавл қаласының 2-мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің күштері мен құралдарының көмегімен көлік өрті сөндірілді.