Өзбекстан президенті Астанаға келді

0
421

Саммитте саяси диалогты дамыту перспективалары, өңіраралық ынтымақтастықты кеңейту, сауда-экономикалық ынтымақтастық пен мәдени-гуманитарлық алмасуларды жандандыру мәселелері талқыланатыны атап өтілді.

Өзбекстан президенті Астанаға келді

ERNUR.KZ. Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёев Қазақстанға жұмыс сапарымен келді, деп жазады tengrinews.kz.

"Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиеев 27 қазанда "Орталық Азия – Еуропалық Одақ" форматындағы мемлекет басшыларының бірінші кездесуіне қатысу үшін жұмыс сапарымен Астана қаласына аттанды. Іс-шараға ел басшылары мен Еуропалық кеңесінің президенті Чарльз Мишель қатысады", - делінген хабарламада.