Otau TV Ресейдің жаңалық тарататын телеарналарын өшіріп тастады

0
1 334

Ақпараттық күн тәртібі бар арналар санын қысқарту аясында телеарналарды таратуды тоқтату туралы шешім қабылданды.


Otau TV Ресейдің жаңалық тарататын телеарналарын өшіріп тастады

ERNUR.KZ. OTAU TV операторы өз желісінен "Бірінші арнаның цифрлық телебірлестігінің" 10 арнасын алып тастады. Олардың орнына ресейлік басқа арналар көрсетіледі, деп жаады ulysmedia.kz.

– Ақпараттық күн тәртібі бар арналар санын қысқарту аясында телеарналарды таратуды тоқтату туралы шешім қабылданды. Олар: «Первый канал СНГ», «Поехали», «Время: далекое и близкое», «Дом кино», «Телекафе», «Дом кино Premium», «Музыка Первого», «Победа», «Карусель», «Бобер», «О!», – деп жауап берді Ulysmedia.kz сұрауына Отау ТВ.

Ойын-сауық контентінің үлесін арттыру үшін 2024 жылдың қаңтар айының басында біз Discovery отбасылық телеарналарын спутниктік және интернет-теледидар пакеттеріне қосылады. Олар: «Discovery Channel», «Animal Planet», «Eurosport 1», «Eurosport 2», «ID: Investigation Discovery», «TLC», сондай-ақ басқа да бірқатар ойын-сауық телеарналары.

– Discovery телеарналарының отбасынан басқа, жазылушыларымыз бірінші тоқсанда жаңа телеарналарға қол жеткізе алады, мысалы: «Наше новое кино», «Родное кино», «Индийское кино», «Киносерия», «Авто Плюс», «HD Life», «Телеканал "Кто есть кто"», «КВН ТВ», «Кухня ТВ», «MMA TV» және басқалары, – делінген жауапта.