Маңғыстауда 4 бала жансақтау бөлімінде жатыр

0
583

Бүлдіршіндердің дерті асқынған.


Маңғыстауда 4 бала жансақтау бөлімінде жатыр

ERNUR.KZ. Маңғыстауда қызылша жұқтырғандардың саны республикалық көрсеткіштен асып кетті, деп жазады kaz.zakon.kz


Қазір аймақта 380-нен астам науқас бар. Бұл ел бойынша орташа көрсеткіштен 2,5 % - ға жоғары.


Облыста 4 бала жансақтау бөлімінде жатыр. Бүлдіршіндердің дерті асқынған.


Дәрігерлер оларға қажетті медициналық көмекті көрсетіп жатыр.


Тағы 100-ден аса адам ауруханаларда емделуде. Көпшілігі - бала.


Сондай-ақ, 3 жүкті әйел бар. Ал одан бөлек 300-ге жуық тұрғын үйде ем қабылдауда.


Денсаулық сақтау басқармасының мәліметіне сүйенсек, аймақта инфекция ошағы пайда болған жағдайда вакцина қоры жеткілікті.