Қызылордадағы кәріз станциясында екі жұмысшы уланып көз жұмды

0
350

Станциядағы лас судың тереңдігі — 3 метр.


Қызылордадағы кәріз станциясында екі жұмысшы уланып көз жұмды

ERNUR.KZ. Құтқарушылардың айтуынша, марқұмдар метанға уланып қалған, деп жазады exk.kz.

Төтенше жағдайлар департаментіне түнгі уақытта кәріз насос станциясының ішіндегі шайынды суда екі азаматтың денесі қалқып жатқаны туралы хабар келген. Станциядағы лас судың тереңдігі — 3 метр. Ал құтқарушылар мәйіттерді тек бір сағаттан кейін ғана алып шыққан.

ТЖД


"Сол мекемеде жұмыс істейтін Серік Оспанов пен Жолдасбек Ерубаевтың қаза тапқаны анықталды. Түнгі сағат 02:00 шамасында бір кісінің денесін алып шықты. Ал екіншісінің денесін 6 минуттан кейін алып шықты", деп мәлімдеді ТЖД қызметіндегілер.

Бұл кәріз насос станциясы қалалық әкімдікке қарасты. Жауапты бөлімнің басшысы қазір тергеудің басталғанын айтады. Оның айтуынша, марқұм болған жұмысшылар кешкі уақытта станцияда жұмыс істеп жүрген.