Қазақстанның солтүстігінде қоныс аударып келетіндерге арналған үйлерді бұзып тастаған

0
604

Жергілікті тұрғын үйлерді бұзып тастау себебін анықтап, шара қабылдауды сұраған.


Қазақстанның солтүстігінде қоныс аударып келетіндерге арналған үйлерді бұзып тастаған

ERNUR.KZ. Солтүстік Қазақстан облысындағы Сарытомар ауылында көшіп келетіндерге арналған үйлердің қабырғасын бұзып тастаған, деп жазады stan.kz.

Жергілікті тұрғын үйлерді бұзып тастау себебін анықтап, шара қабылдауды сұраған.

"Бұл үйлерді салып бастағанда ауылымыз жанданады, адамдар көшіп келеді деп қуанған едік. Бұл – белгілі ақын Мағжан Жұмабаевтың ауылы. Аудан прокуратурасынан бұл сұрақты көтеріп, үйлерді неліктен соңына дейін салмағанын анықтауды сұраймыз", – дейді тұрғын.

Ал Мағжан Жұмабаев ауданы әкімдігінің мәліметінше үйлерді салу үшін қаржыны жеке кәсіпкер бөлген. Ал "Еңбек" бағдарламасына сәйкес мұнда өзге аймақтардан адамдар көшіп келуі керек болған.

"Еңбек" еңбекпен қамту және жаппай кәсіпкерлік бағдарламасы 2019 жылы басталып, 2021 аяқталған. Сарытомар ауылында қоныс аударатындарға арналған үйлер осы бағдарлама аясында 2021 жылы жеке кәсіпкердің қаржысына салынды. Қаржы бөлінудің тоқтауына байланыстықұрылыс тоқтап, іргетасынан басқа құрылыс материалдарын кәсіпкер алып кетті. Үйлерді салуға және сатып алу үшін ақшаны мемлекет бөлмеді", – деп түсіндірді әкімдік өкілдері.