Қазақстанда жиһаз бағасы тағы қымбаттады

0
534

​Өңірлер бойынша ең көп жиһаз Алматыда шығарылды.


Қазақстанда жиһаз бағасы тағы қымбаттады

ERNUR.KZ. Қазақстанда 2024 жылдың қаңтарында жиһаз бен тұрмыстық заттардың бағасы жылдық мәнде 11,8%-ға өсті, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

Energyprom зерттеуіне сүйенсек, өңірлер бойынша ең көп жиһаз әдеттегідей, Алматыда шығарылған: 22,8 млрд теңге (бір жыл ішінде 29,5%). Екінші және үшінші орындарла Алматы облысы (8,5 млрд теңге, жыл бойынша 59,8%) және Түркістан облысы (6,9 млрд теңге, жылдық мәнде 48,7%) тұр.

«Ең көп өндіріс көлемін кеңселер мен бөлшек сауда кәсіпорындарына арналған жиһаз құрап отыр: 31,5 млрд теңге – бір жыл бұрынғыдан 32,3%-ға артық. Тағы 8,2 млрд теңгені ас үй жиһазын өндірісі, ал 6,2 млрд теңгені матрас өндірісі құраған», - дейді сарапшылар.

Зерттеуде айтылғандай, электр люстралар жылдық қарқын бойынша 15,7%-ға, киім шкафтары – 14,6%-ға, ванна бөлмесіне арналған аспалы айналар – 13,9%-ға, үстелдер – 12,4%-ға, орындықтар – 11,4%-ға, диван төсектері - 10,6%-ға, жатын бөлмелеріне арналған жиһаз жиынтықтары 7,5%-ға қымбаттады.

Өңірлер арасында бағаның өсуін Ақмола, Алматы және Қарағанды облыстарының тұрғындары көбірек сезінді. Бағаның ең аз жылдық өсімі Жамбыл, Павлодар және Ақтөбе облыстарында байқалды.