Қазақстанда зергерлік бұйымдар қымбаттады

0
299

Елімізде бағалы зергерлік бұйымдар өндірісі азайды.


Қазақстанда зергерлік бұйымдар қымбаттады

ERNUR.KZ. Ұлттық статистика бюросы зергерлік бұйымдар бағасы 4,9% өскенін мәлімдеді, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

Қаңтар айында зергерлік бұйымдар мен сағаттар жылдық мәнде 4,3% қымбаттады. Оның ішінде алтын неке сақиналарының бағасы бір жылда 2,9%, қол сағаттыкі 10,1% өскен.

Бұл ретте елімізде бағалы зергерлік бұйымдар өндірісі азайды. 2023 жылдың қаңтар-желтоқсан аралығында зергерлік және сол тектес бұйымдарды өндіру көлемі 2022 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 17,8% төмендеген.

Осылайша былтырғы 12 айда қазақстандық компаниялар 1,2 млрд теңгенің зергерлік және соған ұқсас бұйымын өндірген (2022 жылғы қаңтар-желтоқсан – 1,4 млрд теңге).