Қазақстанда телеарналардың хабар тарату сапасы нашарлауы мүмкін

0
703

Бұған күзгі күн интерференциясы кезеңінің өтуі себеп болып отыр.


Қазақстанда телеарналардың хабар тарату сапасы нашарлауы мүмкін

ERNUR.KZ. Қазақстанда байланыс және хабар тарату арналарының сапасы нашарлауы мүмкін, деп жазады inbusiness.kz.

"Компания 8-16 қазан аралығында күзгі күн кедергісі кезеңінің өтуі және байланыс және хабар тарату арналарының сапасының нашарлауы мүмкін екендігі туралы хабарлайды", делінген хабарламада.

Бұған дейін де телеарналарды таратуда проблемалар болған. Қыркүйектің 15-і күні қазақстандық телеарналар хабар таратуды тоқтатты.

ICRIAP Ай мен Жердің көлеңкелі аймақтарының ұзақ өтуіне байланысты KazSat-3 байланыс ғарыш аппаратының аккумуляторлық блоктары зарядсызданғанын түсіндірді. Соның салдарынан спутниктік телерадио хабарларын тарату және спутниктік мәліметтерді беру бойынша қолданыстағы қызмет уақытша тоқтатылды.