Қазақстанда "Слава Украине" қоры сот шешімімен таратылды

0
408

Қор 2023 жылдың 10 тамызында тіркелген.


Қазақстанда

ERNUR.KZ. Атырау облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты "Слава Украине" қорын тарату туралы шешім қабылдады, деп жазады sputnik.kz.

"Слава Украïні" жеке қорының 2023 жылғы 10 тамыздағы мемлекеттік тіркеуі жарамсыз деп танылсын", - деп жазылған сот қаулысында.

Құжат Қазақстанның жоғарғы сотының сот кабинетінде жарияланды.

Осылайша сот Атырау облысы әділет департаментінің талап арызын қанағаттандырды. Талаптың негіздемесінде қорды құру кезінде "түзетуге келмейтін заң бұзушылықтарға жол берілгені" айтылған.
Жарияланған құжаттарға сәйкес, қор 2023 жылдың 10 тамызында тіркелді, 1 қыркүйекте сот талапты қабылдау туралы шешім қабылдады.
Қор басшысы Тұрарбек Құсайынов Қазақстандағы адам құқықтары жөніндегі бюроға оның жетекшілігіндегі ұйым жұмыс істеп тұрған кезде Украинаға 5 миллион теңге (шамамен 11 мың доллар) гуманитарлық көмек жинап, жөнелткенін айтты.