Қазақстанда діни бірлестіктерді реттеу күшейеді

0
494

Тамара Дүйсенова Қазақстанның дін саласындағы заңнамасын жетілдіру керек екенін айтты.


Қазақстанда діни бірлестіктерді реттеу күшейеді

ERNUR.KZ. 11 қазанда мәжіліс отырысында премьер-министрдің орынбасары Тамара Дүйсенова Қазақстанда діни бірлестіктерді мемлекеттік реттеуді күшейту керек екенін айтты, деп жазады zakon.kz.

Мәжілісте өткен жалпы отырыста Тамара Дүйсенова Қазақстанның дін саласындағы заңнамасын жетілдіру керек екенін айтты.

"Біз халықаралық тәжірибені зерттедік. Тіпті Сауд Арабиясының өзінде де мемлекеттік функцияларды күшейту шаралары қабылданып жатыр. Біз ең әуелі заңнамамызды күшейту және діни бірлестіктердің қызметін реттеу қажет деп санаймыз".Тамара Дүйсенова

Ол мәжіліс кулуарында не айтқысы келгенін түсіндірді. Вице-премьердің айтуынша, 2011 жылы "Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы" заң мүлде басқа жағдайда қабылданған. Сол сәттен бері 12 жыл өтті, шынайы көрініс өзгерді. Шенеуніктер халықаралық тәжірибені саралап, депутаттардың ұсыныстарын зерделеді.

"Ең бастысы, зайырлы мемлекет екенімізге баса назар аударылады. Бұл қағидатты күшейту қажет. Екінші тармақ: қолданыстағы заңда діни бірлестіктердің қызметін мемлекеттік реттеу нормасы бар. Мемлекет тарапынан қадағалауды нығайту қажет. Ал екінші бөлігі – бұл ұйымдармен өзара іс-қимыл жасау, олар елдің игілігі үшін және Қазақстанның Конституциясы мен қолданыстағы заңнамасына сәйкес жұмыс істейді".Тамара Дүйсенова

Ол заңда не өзгеретіні туралы әзірге нақты айта алмайтынын атап өтті. Бұл мәселе сарапшылармен, дінтанушылармен, діни бірлестіктердің өкілдерімен, депутаттармен бірлесіп зерттеледі.

4 қазан күні мәжіліс депутаты Ермұрат Бапи: "Уахабистер бірқатар аймақтарда шағын бизнесті басып алды" деп мәлімдеді. Ол Батыс Қазақстанда радикалды діни ағымдарға жататын жергілікті билік өкілдері бар деген болжам айтты. Вице-премьер бұл мәселеге қатысты пікір білдірген жоқ.

"Бұл - депутаттың пікірі. Мен оған түсініктеме бере алмаймын. Бүгінде біз көріп отырған мәселелер бар. Солар бойынша жұмыс істейміз".Тамара Дүйсенова

ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары Руслан Сейсембаев ШЫҰ АТҚ Кеңесінің 40-отырысында биыл Қазақстанда деструктивті қоғамдастықтардың мүшесі болған жастардың арасынан 80 мыңға жуық интернет пайдаланушы анықталғанын хабарлады.