Қарағанды ​​облысының экс-полицейіне іздеу жарияланды

0
444

Құлкеевке іздеу жарияланғалы 28 күн болған.


Қарағанды ​​облысының экс-полицейіне іздеу жарияланды

ERNUR.KZ. Қарағанды облысының полиция департаменті Тергеу басқармасының бұрынғы бастығы Рустам Құлкеевке майнинг құрылғыларын ұрлау ісі бойынша іздеу жарияланды, деп жазады zakon.kz.

Бұл ақпарат Құқықтық статистика және арнайы есепке алу органдарының порталындағы "Қылмыскерлерді іздеу" деректер базасында жарияланған.

2023 жылдың 29 желтоқсанындағы мәлімет бойынша Құлкеевке іздеу жарияланғалы 28 күн болған.

2023 жылғы 27 қарашада Қарағанды облысының полициясы Құлкеев пен тергеуші Қанатов қылмыстық іс бойынша тәркіленген майнинг техникасын ұрлады және қызметтік өкілеттіктерін асыра пайдаланды деген күдікке ілінгенін хабарлады.