Қарағанды облысында қаржы пирамидасын ұйымдастырған әйел сотталды

0
540

​Қарағанды ​​облысында қаржы пирамидасын құру фактісі тоқтатылды.


Қарағанды облысында қаржы пирамидасын ұйымдастырған әйел сотталды

ERNUR.KZ. Қылмыстық схема жылына теңгедегі салымдар бойынша 24%-ке дейін және шетел валютасында 6%-ке дейін немесе ай сайын 5%-ке дейін жылдық табыс алу шартымен инвестиция тартуға құрылған, деп жазады sputnik.kz.

"Яковлева 2015 жылдың наурызынан 2020 жылдың сәуіріне дейін Қарағанды және Павлодар облыстарында "Лидер Капитал 168 микроқаржы ұйымы" ЖШС филиалдарын ашып, оны басқарды. Осылайша, Яковлева И.В. өзінің қылмыстық әрекеттерімен жәбірленушілерге 180 млн.теңге көлемінде материалдық залал келтірген", - делінген қаржлық мониторинг агенттігінің хабарламасында.

Соттың үкімімен Яковлева Ирина Викторовна кінәлі деп танылып, 9 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.