Қайрат Сатыбалды әскери шенінен айырылып, мемлекеттік ордендерді кері қайтарады

0
326

Қ. Сатыбалды жазасын қылмыстық-атқару жүйесінің қауіпсіздігі орташа мекемесінде өтейді.


Қайрат Сатыбалды әскери шенінен айырылып, мемлекеттік ордендерді кері қайтарады

ERNUR.KZ. 6 жылға сотталған Қайрат Сатыбалды генерал-майор шенінен айырылып, мемлекеттік ордендерді кері қайтаруға міндеттелді, деп жазады ҚазАқпарат.

«Президентке Қайрат Сатыбалдыны Ұлттық қауіпсіздік органдарының генерал-майоры атағынан, сондай-ақ «Құрмет» және «Парасат» ордендерінен айыру туралы ұсыныс енгізілсін», - деді Астана қаласы Байқоңыр аудандық №2 сотының судьясы Нұрлан Баяхметов сот отырысында.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, бүгін Қайрат Сатыбалдыға сот үкімі шығып, ол 6 жылға сотталды.

«Күдікті Қайрат Сатыбалдыұлын алты жылға бас бостандығынан айыру туралы шешім қабылданды. Сонымен қатар жеке мүлкі тәркіленеді», - деген еді Нұрлан Баяхметов ZOOM платформасында өткен сот отырысында.

Қ. Сатыбалды жазасын қылмыстық-атқару жүйесінің қауіпсіздігі орташа мекемесінде өтейді.

Бұған дейінгі сот процесінде прокурор күдіктіні 6 жылға бас бостандығынан айыруды сұраған еді. Қайрат Сатыбалды биылғы 13 наурызда қамауға алынған болатын.