Қайрат Боранбаевты қамау мерзімі ұзартылды

0
421

Бұған дейін Қайрат Боранбаев пен Қайрат Сатыбалдыұлына қатысты қамауға алу мерзімі бір айға ұзартылған болатын.


Қайрат Боранбаевты қамау мерзімі ұзартылды

ERNUR.KZ. Қайрат Боранбаевты қамау мерзімі тағы бір айға ұзарды, деп жазады Tengrinews.kz.

"2022 жылғы 8 шілдеде Нұр-Сұлтан қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу соты күдікті Қайрат Боранбаевқа қатысты күзетпен ұстау түріндегі санкцияланған бұлтартпау шарасы мерзімін тағы бір айға ұзартты", - деді қалалық соттың баспасөз қызметі өкілі.

Бұған дейін қаржы мониторингі агенттігі квазимемлекеттік секторда аса ірі мөлшерде қаржы жымқыру дерегі бойынша қылмыстық істі тергеуді бастаған болатын. Белгілі бизнесмен Қайрат Боранбаев қылмыс жасады деген күдікпен ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалған еді.
Бұған дейін Қайрат Боранбаев пен Қайрат Сатыбалдыұлына қатысты қамауға алу мерзімі бір айға ұзартылған болатын.