Елімізге көкөніс пен жеміс Тәжікстаннан жеткізілуі мүмкін

0
465

Қазақстанда өсірілген көкөніс пен жеміс-жидек ішкі нарықты толық қамтуға жетпейді.


Елімізге көкөніс пен жеміс Тәжікстаннан жеткізілуі мүмкін

ERNUR.KZ. Қазақстан нарығына тәжікстандық көкөніс пен жемістер жеткізілуі мүмкін, деп жазады 24.kz.

Әзірге жалпы құны 1,5 миллион долларына жүзім мен пияз әкелу туралы келісім жасалды. Егер бәрі сәтті өтіп, қос тараптың кәсіпкерлеріне тиімді болса, тауардың өзге түрлерін тасуға жол ашылады. Бұл туралы елдің сауда және интергрция министрі Бақыт Сұлтанов мәлімдеді.

Айтуынша, Қазақстанда өсірілген көкөніс пен жеміс-жидек ішкі нарықты толық қамтуға жетпейді. Жаңа маусым қарсаңында тауар азайып, баға көтеріледі. Осы аралықты импортпен толтыру қажет. Артылып жатса біздің диқандарымыз өнімін Ресейге қымбат бағамен сата алады. Яғни біз Тәжікстан, Өзбекстан елдерінен қажетті тауарды арзанға импорттасақ, отандық диқандар өз тауарын шетелге қымбатырақ сата алады. Басты мақсат ішкі нарықта азық-түлік тапшылығының алдын алу дейді министр.