Елімізде әскери билетті тұпнұсқада ұсыну туралы талап алынып тасталды

0
360

Жұмыс беруші азаматтың әскери билетін egov.kz электрондық үкімет ресурсын пайдалана отырып, автоматты түрде алады.


Елімізде әскери билетті тұпнұсқада ұсыну туралы талап алынып тасталды

ERNUR.KZ Енді жұмысқа орналасу немесе оқу орнына қабылдау кезінде әскери билетті түпнұсқада ұсыну туралы талап алынып тасталды, деп жазады Stan.kz.



Жұмыс беруші азаматтың әскери билетін egov.kz электрондық үкімет ресурсын пайдалана отырып, автоматты түрде алады.

Заңнама бойынша заңды тұлғалар азаматтардың әскери қызметі туралы деректерді тіркеуге міндетті. Сондықтан кадр қызметтері бұрын әскери билеттер, тіркеу туралы куәлік, әскери қызмет өткергенін растау туралы анықтама және т.б. талап еткен.

Қорғаныс министрлігі еңбек және халықты әлеуметтік қорғау, цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрліктерімен, мемлекеттік қызмет істері агенттігімен бірлесіп, жұмыс берушінің сұрауына автоматты түрде жауап алуға мүмкіндік беретін интеграциялық жұмыстар жүргізді.

“Өткен жылдан бастап осы процестерді цифрландыру жөнінде жұмыс жүргіздік. Ақпараттық жүйені әзірлеп, оны іргелес мемлекеттік органдардың мәліметтер базасымен біріктірдік. Инновация кадрлық қызметтердің жұмысын жеңілдетіп, азаматтарды анықтама алу үшін уақыт жұмсаудан босатады. Егер бұрын бұл процестер бірнеше аптаға созылса, бүгінде бұл бір күнде жасалады”, – деді қорғаныс министрінің орынбасары Дархан Ахмедиев.

Жеке ұйымдар "е-Еңбек" ақпараттық жүйесінде, мемлекеттік мекемелерде "е-Қызмет" ресурсын пайдалана отырып, қызметкерлердің есебін жүргізеді.