Елімізде ақылы оқу бағасы күрт өсіп кетті

0
378

Бұл көрсеткіш соңғы бес жылдағы ең жоғары өсім болып отыр.


Елімізде ақылы оқу бағасы күрт өсіп кетті

ERNUR.KZ. Елімізде ақылы білім беру бағасы өткен жылдың қыркүйек айымен салыстырғанда 13,8 пайызға өскен, деп жазады exk.kz.

Бұл көрсеткіш соңғы бес жылдағы ең жоғары өсім болып отыр. Мектеп пәндері бойынша білім беру орталықтарының қызметтері бір жылдың ішінде 10,2 пайызға өсті.

Колледжде білім беру ақысы 19,5 пайыз, ал жоғары оқу орындарындағы білім 16,3 пайызға қымбаттады. Түрлі кәсіптік оқыту курстарының бағасы 15,6 пайызға өсті.