Экс-министр Мұхамедиұлының баспасөз хатшысы оның қамауға алынғанын жоққа шығарды

0
488

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі 146 миллион теңгені жымқырды деген күдікпен ҚР Ұлттық музейінің лауазымды тұлғаларына қатысты тергеуді бастаған болатын.


Экс-министр Мұхамедиұлының баспасөз хатшысы оның қамауға алынғанын жоққа шығарды

ERNUR.KZ. Таңертең телеграм-арналарда түнде елорданың тергеу соты бұрынғы мәдениет және спорт министрін 2 ай мерзімге қамауға алу туралы шешім шығарғаны жөнінде ақпарат тарады, деп жазады sputnik.kz.

"Қазір Арыстанбек Мұхамедиұлы ауруханадан шығып, үйінде ем қабылдап жатыр", - дейді экс-министрдің баспасөз хатшысы Айдар Қырықпай.

Еске салсақ, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі 146 миллион теңгені жымқырды деген күдікпен ҚР Ұлттық музейінің лауазымды тұлғаларына қатысты тергеуді бастаған болатын.