Дархан Қыдырәлі депутат болды

0
572

Ол бұған дейін Қазақстан Республикасының ақпарат және қоғамдық даму министрі қызметін атқарды.


Дархан Қыдырәлі депутат болды

ERNUR.KZ. Дархан Қыдырәлі сенат депутаты болып тағайындалды, деп жазады sputnik.kz.

"Мемлекет басшысының жарлығымен Дархан Қуандықұлы Қыдырәлі Қазақстан Республикасы парламенті сенатының депутаты болып тағайындалды", - деп жазылған хабарламада.
Ал сенатор Асқар Шәкіровтің өкілеттігі тоқтатылды.
Дархан Қыдырәлі 2014 жылдан бастап Халықаралық Түркі академиясының президенті болды. 2016 жылдан "Егемен Қазақстан" республикалық газеті" АҚ басқарма төрағасы қызметін атқарды. 2022 жылдың қыркүйегінде Қазақстан Республикасының ақпарат және қоғамдық даму министрі болып тағайындалды.