Дархан Ахмед-Заки Ғылым және жоғары білім вице-министрі болып тағайындалды

0
564

Дархан Ахмед-Заки 1981 жылы Шығыс Қазақстан облысында дүниеге келген.


Дархан Ахмед-Заки Ғылым және жоғары білім вице-министрі болып тағайындалды

ERNUR.KZ. ҚР үкіметінің қаулысымен Дархан Жұмақанұлы Ахмед-Заки ҚР ғылым және жоғары білім вице-министрі болып тағайындалды, деп жазады zakon.kz.

Дархан Ахмед-Заки 1981 жылы Шығыс Қазақстан облысында дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ Мемлекеттік университетін, Қ. Сәтбаев атындағы Қазақ Мемлекеттік Техникалық университетін бітірген.

Еңбек өтілі:

Еңбек жолын 2002 жылы Алматы қаласындағы Республикалық медицина колледжінде физика және математика пәндерінің оқытушысы болып бастаған.

2003 жылы Жаңаөзен қаласында "Қазақойл" ЖАҚ технологиялық зерттеулер орталығының инженер-бағдарламашысы болып жұмыс істеді.

2004-2012 жылдары – Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ механика-математика факультетінің ассистенті, оқытушысы, аға оқытушысы, доценті, деканның оқу-тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары, "Информатика" кафедрасының меңгерушісі.

2012-2013 жылдары – Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ механика-математика факультетінің деканы.

2013-2016 жылдары – Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ оқу жұмысы жөніндегі проректор.

2016-2017 жылдары – ҚР Білім және ғылым министрлігінің Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаментінің директоры.

2017-2020 жылдары – Халықаралық бизнес университетінің президенті.

2020 жылдың тамыз айынан Astana IT University ректоры қызметін атқарды.

2022 жылдың 1 қарашасынан бастап ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ғылым комитетінің төрағасы қызметін атқарды.