Түркістандықтар «Арыс-Түркістан» каналының бойын тазалады

0
189

25 қап қоқыс жинады.


Түркістандықтар «Арыс-Түркістан» каналының бойын тазалады

Түркістан тұрғындары «Арыс-Түркістан» каналында жалпы тазалық жұмыстарын атқарды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Түркістандықтар республикалық «Таза Қазақстан» акциясына белсенді қатысуда. Шаһар тұрғындары экоакцияның бесінші аптасында «Арыс-Түркістан» каналында жалпы тазалық жұмыстарын атқарды.


«Мөлдір бұлақ» апталығында түркістандықтар каналды шөптерден тазартып, 25 қап қоқыс жинады.


Айта кетейік, экоакцияның өткен «Өнегелі ұрпақ» апталығында бірқатар тазалық жұмыстары атқарылып, нәтижесінде 23 аялдама сәнделсе, 4000-ға тарта ағаш түбі қопсытылып реттелді. Қала көшелері 100 тонна қоқыстан тазартылып, кейбір балалар ойын алаңшалары абаттандырылды.