БҚО-да қаржы пирамидасын ұйымдастырған әйел 5 жылға сотталды

0
483

Бұл туралы Қаржы мониторингі агенттігінің баспасөз қызметі мәлім етті.


БҚО-да қаржы пирамидасын ұйымдастырған әйел 5 жылға сотталды

ERNUR.KZ. Қаржы мониторингі агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті қаржы пирамидасын ұйымдастырған әйелге қатысты қылмыстық істі аяқтады, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

Ведомство мәлім еткендей, әйел жеке тұлғалардан қаражат тарта отырып, «Нұр жиһаз» онлайн жобасында жиһаз ойнату арқылы жаңа салымшыларды қаржы пирамидасына кіруге міндеттеген.

«Тергеу барысында 7,5 млн теңгеден аса мүліктік залал келтірілген 153 азамат анықталды», - делінген хабарламада.

Сот істі талқылап, қылмыстық құқықбұзушылық жасаған әйелді кінәлі деп танып, қаржылық және коммерциялық ұйымдарды басшылық лауазымдарды атқару құқығынан 7 жылға айыра отырып, 5 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындады.