Белгілі қазақ актері, сатирик Асқар Наймантаев 59 жасында өмірден озды

0
971

Бұл туралы актердің достары әлеуметтік желіде хабарлады.


Белгілі қазақ актері, сатирик Асқар Наймантаев 59 жасында өмірден озды

ERNUR.KZ. Қазақтың белгілі актері Асқар Наймантаев өмірден озды, деп жазады Stan.kz.


Бұл туралы актердің достары әлеуметтік желіде хабарлады.

Бұған дейін актер Instagram парақшасында ауруханадан түскен суреттерімен бөліскен еді.
Наймантаев 1965 жылы дүниеге келген.

Асқар Наймантаев – белгілі актер. Ол "Тамаша" ойын-сауық телебағдарламасындағы комедиялық рөлдері арқылы халыққа кеңінен танылды. Сонымен қоса ол "Терісқақпай" және "Аққу-Гәкку" әзіл-сықақ театрларының, кино мен театр сахнасында көптеген есте қалатын образдардың жасаушысы ретінде де ел есінде қалды.

"Бастық боламын", "Шымкенттегі OryStar", "Детектив Әже", "Туысқандар", "Бұйымтай", "Өсекшілер", "Ауылдағы немерелер" комедиялық сериалдарына түскен.

Сонымен қатар Сатыбалды Нарымбетовтың "Аманат", Бақытас Сәнитастың "Тезек" фильмдерінде де басты рөлді сомдаған.