Атырауда жетінші қабаттағы балконның шетінде жүрген қыз жұртты шошытты

0
750

Жетінші қабаттың балконында жүрген қызды әпкесі пәтерге кіргізген.


Атырауда жетінші қабаттағы балконның шетінде жүрген қыз жұртты шошытты

ERNUR.KZ. Атырауда балконның шетінде жалғыз тұрған қыз жұртты шошытты, деп жазады stan.kz.

Басылым мәліметінше баланың видеосын жергілікті тұрғын жолдаған. Ал төтенше жағдайлар департаменті оқиғаның Нұрсая шағынауданында болғанын хабарлады. Кейін жетінші қабаттың балконында жүрген қызды әпкесі пәтерге кіргізген.

Полиция департаментінің өкілдері қазір қыздың ата-анасына хаттама толтырылып жатқанын мәлімдеді. Қосымша ақпарат тексерістен кейін жария етіледі.