Атырауда анасы 40 жастағы қызының 27 жастағы күйеуін пышақтап өлтірді

0
854

57 жастағы әйел 27 жастағы ер адамды ас үй пышағымен жарақаттаған.


Атырауда анасы 40 жастағы қызының 27 жастағы күйеуін пышақтап өлтірді

ERNUR.KZ. Облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлім еткендей оқиға 20 желтоқсанда болған, деп жазады inbusiness.kz.

"Жергілікті уақытпен сағат 18:50 шамасында 40 жастағы әйел хабарласып, өз анасы азаматтық некедегі күйеуінің ішіне ас үй пышағымен жарақат салғанын айтты. Оқиға орнына жедел жеткен полицейлер отбасылық жанжал салдарынан 57 жастағы әйел 27 жастағы ер адамды ас үй пышағымен жарақаттағанын анықтады. Салдарынан ол көз жұмды", – деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметінен.

Қазір аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы 1-бөлігімен (Адам өлтiру, яғни басқа адамды құқыққа қарсы қасақана қазаға ұшырату) сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Сот-медициналық сараптама тағайындалды.

"Азаматтық некедегі ерлі-зайыптының отбасында бұған дейін бірнеше рет жанжал болған. 27 жастағы ер адамның қаңтар және сәуір айында 2 мәрте әкімшілік қамауға алынғаны анықталды", – деп нақтылады ведомстводан.