Атырау облысында жоғалып кеткен бір топ адам аман-есен табылды

0
407

Құтқарылған адамадар қауіпсіз жерге эвакуацияланды.


Атырау облысында жоғалып кеткен бір топ адам аман-есен табылды

ERNUR.KZ. Атырау облысында жоғалып кеткен бір топ адам аман-есен табылды, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

Атырау облысы ТЖД қоғаммен байланыс тобының хабарлауынша, жоғалған адамдардың туыстары ТЖД аумақтық бөлімшелерінің көмегіне 10 қаңтарда сағат 00:00-де жүгінген соң құтқарушылар дереу іздеу-құтқару жұмыстарына кіріскен.

«2024 жылғы 11 қаңтарда сағат 03:20-да Атырау облысы ТЖД күштерінің көмегімен 1984, 1986, 1996 жылдары туған жоғалған адамдар Қызылқоға ауданының «Ораз мола» орнынан (Атырау облысы Мақат ауданының Доссор кентінен 120 км қашықтықта) емен-есен табылды», - делінген ТЖД хабарламасында.

Жоғалған адамдарды құтқару жұмыстары жаяу, автокөлікпен және ТЖМ авиациясымен аэровизуалды іздеу тәсілдерімен жүргізілді.

Іздестіру жұмыстары облыс аумағындағы қолайсыз ауа райы жағдайына байланысты күрделене түскен, яғни жаяу бұрқасын болып, жел екпіні 15-20 м/с жеткен, Қызылқоға ауданында ауа температурасының -20 С болған.

«Ауа температурасының күрт суытуынан адамдардың өміріне қауіп төнуіне байланысты аэровизуалды тексеру жүргізу туралы шешім қабылданды. Бұл үшін ТЖД құтқарушылары мен «Қазавиақұтқару» АҚ экипажы тартылды. Адамдарды іздестіру-құтқару жұмыстары түнгі уақытта да тоқтамағанын атап өткен жөн. Құтқарушылардан, полиция қызметкерлерінен, еріктілерден және туыстарынан тұратын үш топ облыстың елді мекендерін, қыстақтарын және автожолдарын қарап шықты», - делінен хабарламада.

Үйлесімді, біріккен әрекеттердің нәтижесінде іздестіру-құтқару жұмыстары 11 қаңтарға қараған түні сағат 03:20-да сәтті аяқталды.

«Құтқарылған адамадар қауіпсіз жерге эвакуацияланды. Адамдардың жағдайы тұрақты, медициналық көмекті қажет етпеді. Іздестіру-құтқару жұмыстарына Атырау облысы ТЖД, еріктілер мен туыстарынан 45 адам, 11 техника жұмылдырылды», - делінген хабарламада.

Атырау облысы ТЖД азаматтарды дауылды алдын ала ескерту туралы ескертулерді, ауа райының өзгерісін, жолдардың жабылуы туралы «112» құтқару қызметінен келген хабарламаларды бақылап, қолайсыз ауа райында алыс сапарларға шықпауға шақырады.