Атырау облысында жасөспірім суға батып кетті

0
441

Қайғылы оқиға Құманғазы ауданында болған.


Атырау облысында жасөспірім суға батып кетті

ERNUR.KZ. Атырау облысында жасөспірім канал суына батып кетті, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, оқиға кеше, 29 мамырда болған.

"Сағат 17:07шамасында Атырау облысы Құрманғазы ауданы Нұржау ауылының бойымен өтетін «Шарон» өзенінің сағасы «Жіңішке» каналында суға түсуге тыйым салынған жерде балалар суға түсіп, соның бірі 2008 ж.т. жасөспірім тереңдігі 3 метр болатын канал суына шомылу кезінде батып кеткендігі анықталды. Су асты іздестіру жұмыстары жүргізіліп, нәтижесінде сағат 19:05-те ТЖД қызметкерлері және ауыл тұрғындарының күшімен жасөспірімнің мүрдесі судан шығарылды", - -деп хабарлады департаменттің қоғаммен байланыс тобы.