Атырау облысында мал іздеуге шыққан 4 адам жоғалып кеткен

0
311

Автокөлікте 1967, 1983, 1984 жылғы үш адам мен 2016 жылғы бір бала болған.


Атырау облысында мал іздеуге шыққан 4 адам жоғалып кеткен

ERNUR.KZ. Атырау облысында мал іздеуге шыққан 4 адам жоғалып кеткен. Оның арасында 8 жастағы жасөспірім болған, деп жазады inform.kz.

Бұл туралы Атырау облыстық Төтенше жағдайлар департаментіне бүгін, 19 ақпанда сағат 00:50-де хабар түскен.

«Мақат ауданындағы Мақат кентінің тұрғындары мал іздеуге шығып, елді мекенге кері оралмағаны анықталды. Олар кеше, 18 ақпанда сағат 08:00-де Мақат кентінен 60 шақырым қашықтықта орналасқан қыстақтардың біріне қарай Тойота автокөлігімен мал іздеп, жолға шыққан. Автокөлікте 1967, 1983, 1984 жылғы үш адам мен 2016 жылғы бір бала болған», - деп хабарлады департаменттің қоғаммен байланыс тобы.
«Бүгін, 19 қаңтарда сағат 14:00-де жоғалған адамдарды әуеден барлау жүргізу үшін Төтенше жағдайлар министрлігінің тікұшағы тартылды. Тікұшақпен іздестіру-құтқару жұмысы сәтті аяқталып, жергілікті уақытпен сағат 14:40-та жоғалған адамдар аман-есен табылды. Олардың Мақат кентінен 80 шақырым қашықтықта автокөлігіі батпақты жерге батып, шыға алмай қалған. Табылған 4 адам медициналық көмекті қажет етпеді», -деп мәлім етті департаменттің қоғаммен байланыс тобынан.

Іздестіру-құтқару жұмысына Атырау облыстық Төтенше жағдайлар департаменті мен Мақат аудандық полиция бөлімінен, туыстарынан 18 адам, 5 техника тартылды.