Астанадағы дәмханада келушілерге лағманның орнына есірткі сатылған

0
271

Осы факт бойынша қылмыстық іс қозғалды.


Астанадағы дәмханада келушілерге лағманның орнына есірткі сатылған

Астана полициясы дәмханалардың бірінде келушілерге есірткі сатқан күдіктіні анықтады, - деп хабарлайды ERNUR.KZ. . Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.


Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Астана Полиция департаментінің экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері қала аумағында орналасқан кафелердің бірінде 49 жастағы ер адамды анықтап, ұстады.

"Ол лағман сату сылтауымен өз мекемесінде есірткі сатқан. "Тосқауыл" ЖПІШ аясында тінту кезінде кафеден гашиш салынған пакет табылды. Сұр-жасыл түсті ерекше иісі бар 2 полиэтилен орамы тәркіленді. Сот-медициналық сараптамаға сәйкес алынған зат салмағы 10,15 грамм гашиш болып шықты", - делінген хабарламада.

Осы факт бойынша қылмыстық іс қозғалды. Ер адам уақытша ұстау изоляторына қамалған.