"АрселорМиттал Теміртау" АҚ студенттер мен оқушыларға зауытта жұмыс істеу мүмкіндігін берді

0
257

Оқушылардың көпшілігі мамандық таңдауды ойлап, болашақта кәсіптік өмірі мен еңбек жолын зауытпен байланыстыруға үміттенетіндерін айтады.


ERNUR.KZ. "АрселорМиттал Теміртау" АҚ мен "Шаңырақ" еріктілер орталығының басшылары ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Енді студенттер мен мектеп оқушылары өздерін кәсіпорынның жұмысшысы ретінде сынап әрі сол уақытта жалақы алады, деп жазады stan.kz.

Оқушылардың көпшілігі мамандық таңдауды ойлап, болашақта кәсіптік өмірі мен еңбек жолын зауытпен байланыстыруға үміттенетіндерін айтады.

21 маусымда "АрселорМиттал Теміртау" АҚ бас директоры Владимир Яблонский мен "Шаңырақ" еріктілер орталығы" басшысы Алена Хегай ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Соның арқасында теміртаулық 32 мектеп оқушылары мен студенттер металлургиялық кәсіпорында жұмыс істеудің бірегей мүмкіндігіне ие болды.

"Бұл пилоттық жоба, мұндай қолдау жастарға бірінші рет көрсетіліп отыр. Басқа бағдарламаларда жастар 14 жастан жұмысқа кіріссе, бұл жобада қауіпсіздік мәселелері болғандықтан 16-дан 18 жасқа дейінгілер қатыса алады. Олар жаз мезгілінде жұмыс істеп, отбасыларына қаржылай көмектесе алады", – деді Алена Хегай.

Владимир Яблонский жастарды қызықтырған сұрақтарға жауап беріп, олардың алғашқы жұмыс күніндегі әсерін сұрады. Оларды әсіресе бас директордың жетістік шыңында жүріп өткен жолы, мамандықты таңдаудағы көзқарасы қызықтырды.

Владимир Иванович сондай-ақ өзіне жауапкершілікті ала білудің неліктен маңызды және қажет екендігіне тоқталып, бұл қасиет әрбір адамға, кәсіпқойға, әсіресе көшбасшыға өмірде қаншалықты көмектесетінін алға тартты. Бас директор әрбір жас маман үшін үнемі білім алу мен өзін-өзі жетілдіруге ұмтылу маңызды екенін жеткізді.

“Мамандығында жақсы білім мен мол тәжірибесі бар жандар қашанда сұранысқа ие. Ал бұған мысалдар өте көп. Бізде өте керемет домна пештерінің жұмысшылары, болат балқытушылар, кокс химиктері және агломераторлар бар. Және олар әрқашан сұраныста”, – деді директор.

"АрселорМиттал Теміртау" АҚ бас директорына қойылған тағы бір өзекті сауал әлеуметтік жауапкершілік пен экологияға қатысты болды. Владимир Яблонский жиналғандарға компанияның қазіргі уақытта осы салаларда қандай жобаларды жүзеге асырып жатқанын айтып берді.

Тамыз айының соңына дейін жалғасатын жоба аясында мектеп оқушылары мен студенттер зауыттың түрлі цехтарын аралап, металдың қалай жасалатынын көре алады. Ішінара жоба кәсіптік бағдарлау функциясын да орындайды.

“Компанияның, өндірістің қалай жұмыс істейтінін балаларға көрсетеміз. Егер бәрі ойдағыдай болса, тіпті жасап көруіне де мүмкіндік береміз. Бұл жұмыс барлық оқу орындарына, мектептерде, институттардағы жастарға әртүрлі мамандықтарды, әр түрлі салаларды көрсету мақсатында жүргізіледі. Біз мұны қуана жасаймыз", – деді Владимир Яблонский.

Жоба қатысушыларының өздері үшін бұл жаңа тәжірибе мен білім болды.

"Бұрын жасамаған жаңа нәрсені көру әрқашан қызықты. Мен 11-сыныпқа көштім, болашақта жұмыс істеу нұсқаларының бірі ретінде "АрселорМиттал Теміртау" АҚ-ны қарастырып жатырмын. Бүгін мен көп нәрсені білдім. Кейін бұл салада жұмыс істемесем де, "АрселорМиттал Теміртау" сияқты ірі кәсіпорында алған білімім өмірде қажет әрі пайдалы болатынына сенімдімін. Жас мамандар әрқашан сұранысқа ие болғандықтан бұл жобаның маңызды зор. себебі Сондай жастарды жасақтау арқылы кәсіпорында көп нәрсені өзгертуге болады”, – дейді ерікті Шыңғыс Әбдірахманов

“Қауіпсіздік, қауіпті заттармен жұмыс істеу туралы көптеген пайдалы нәрселерді білдім. Соның арқасында емтиханнан 70% жинап өттім. Бұл өзіңізді өндірісте сынап көрудің тамаша мүмкіндігі. Бұрын еш жерде жұмыс істемедім. Сондықтан байқап көруді шештім. Бұған дейін мақсатым тек спорт болды, аралас жекпе-жекпен айналыстым. Ал қазір білімнің маңыздырақ екенін, спорттың күте тұратынын ұқтым", – деп бөлісті ерікті Елдос Мұқатаев.