Алматыда сатып алуға ұсынылмайтын тұрғын үй кешендерінің тізімі жарияланды

0
463

Басқарманың мәліметінше, мұндай тұрғын үй кешендері бойынша ұсыныстар интернет ресурстардың мониторингі нәтижесінде анықталады.


Алматыда сатып алуға ұсынылмайтын тұрғын үй кешендерінің тізімі жарияланды

ERNUR.KZ. Алматыда сатып алуға ұсынылмайтын тұрғын үй кешендерінің тізімі жаңартылды, деп жазады sputnik.kz.

"2024 жылғы 26 қаңтардағы жағдай бойынша бұл тізім 45 тұрғын үй кешенінен қамтиды. Тізім құрылысқа рұқсат берілген құжаты толық емес, сонымен қатар жобадан ауытқыған және басқа да бұзушылықтармен салынған бірқатар тұрғын үй кешенімен толықты", - деп жазылған хабарламада.
Айта кетерлігі, тізімге құрылысы әлі басталмаған рұқсат құжаты жоқ нысандар да кірді. Басқарманың мәліметінше, мұндай тұрғын үй кешендері бойынша ұсыныстар интернет ресурстардың мониторингі нәтижесінде анықталады.
Сонымен қатар, ведомстводағылар жылжымайтын мүлікті сатып алмас бұрын Алматы қаласы қала құрылысын бақылау басқармасының +7 705 89 66 000 WhatsApp анықтамалық желісі бойынша тұрғын үй кешенінің құжатының бар-жоғына көз жеткізуге кеңес берді.
Сатып алуға ұсынылмайтын тұрғын үй кешендерінің тізімімен мына сілтеме арқылы танысуға болады.