Алматы орталығында төбелескендер ұсталды

0
511

Алматының орталығында бірнеше жігіттің төбелескен сәтін куәгерлер видеоға түсіріп алған.


Алматы орталығында төбелескендер ұсталды

ERNUR.KZ. Алматы Полиция департаментінің баспасөз қызметі Алматы орталығында төбелескендер ұсталғанын хабарлады, деп жазады tengrinews.kz.

Полицейлер бұзақылық дерегі бойынша тергеу жүріп жатқанын атап өтті.

"Төбелеске қатысушылар анықталып, күдіктілер ұсталды. Олардың әрекетіне құқықтық баға беріледі. Басқа мән-жайлар анықталып жатыр", - деп хабарлады ведомство.

Еске салайық, Алматының орталығында бірнеше жігіттің төбелескен сәтін куәгерлер видеоға түсіріп алған болатын. Куәгерлердің айтуынша, оқиға Байтұрсынов-Қабанбай батыр қиылысында сағат 21:40 шамасында болған. Видеода сырт киімсіз бір топ жас бір-біріне жұдырық ала жүгіргені көруге болады.