Алматы облысында 25 кеншіні басып қала жаздаған шахта жұмысы тоқтатылды

0
424

Прокурорлар арнайы тексеріс жүргізді.


Алматы облысында 25 кеншіні басып қала жаздаған шахта жұмысы тоқтатылды

ERNUR.KZ. Алматы облысының прокуратурасы Кеген ауданындағы «Тұйық» қорғасын кен орнының ұңғымада тау-кен жұмыстарын жүргізу кезінде өнеркәсіптік қауіпсіздік нормаларын бұзу деректерін анықтады, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

Ведомствоның баспасөз қызметінен хабарлағандай, тексеру жұмыстары Қарағанды және Павлодар облыстарында болған қайғылы оқиғалардан кейін соған ұқсас фактілерге жол бермеу мақсатында жасалған.

«Тексеру барысында шахта бекіністерінің деформациясы мен зақымдануын, шатыр мен борттар бойынша тау массасының бөліктерінің қатып қалуы, сондай-ақ жобалау құжаттамасынан ауытқу және бекіту материалының паспорттарының және өзге де орындаушылық құжаттаманың болмауы анықталған.
Анықталған заңбұзушылықтар 25 кеншінің өмірі мен денсаулығына қауіпті әсер етуі мүмкін және құлау қаупін тудырып отып», - делінген прокуратура хабарламасында.

Осыған байланысты, прокуратураның үйлестіруімен Өнеркәсіптік қауіпсіздік департаментімен жер қойнауын пайдаланушыға қатысты ӘҚБтК-нің 298-бабымен (жұмыстарды қауіпсіз жүргізу жөніндегі қағидаларды бұзу) әкімшілік іс қозғалып, анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқама берілген.

Сонымен қатар МАЭС шешімімен ықтимал теріс салдарларды болдырмау мақсатында шахтаның қызметі анықталған бұзушылықтар жойылғанға дейін тоқтатылды.