Алагөзованың байқауын ақтаулық бойжеткен жеңіп алды

0
1 710

Сайыс ережесі талап еткендей бойжеткендер қазақ тілі, ұлттық салт-дәстүр, Қазақстан тарихы және қазақ әдебиеті кезеңдерінде өнер, білімдерін байқатты.


Алагөзованың байқауын ақтаулық бойжеткен жеңіп алды

ERNUR.KZ Баян Алагөзова ұйымдастырған «Қазақ-2018» аруы байқауының жеңімпазы болып ақтаулық Набира Рахымжан атанды.

Алматы қаласында өткен тартысты байқауда бірінші орын Қарағанды қаласы атынан қатысқан Ақбота Бақытқалиға бұйырды. Екінші орын шымкенттік Ақмарал Айтбаева, ал Россиялық Самал Мурадияева үшінші орынды қанжығаға байлады, деп хабарлайды dknews.kz.

Сайыс ережесі талап еткендей бойжеткендер қазақ тілі, ұлттық салт-дәстүр, Қазақстан тарихы және қазақ әдебиеті кезеңдерінде өнер, білімдерін байқатты.

Ақтау сұлулары бұған дейін де 2014 жылы да бұл белесті Гүлназ Жоланова бағындырған болатын.