Ақтөбе облысында адамдар мінген көлік мұз астына түсіп кеткен

0
861

ВАЗ-2110 көлігінде жүргізушіден басқа тағы екі ер адам болған.


Ақтөбе облысында адамдар мінген көлік мұз астына түсіп кеткен

иллюстрациялық фото

Ақтөбе облысындағы Шалқар көлінде үш жолаушы мінген жеңіл көлік мұз астына түсіп кетті, деп хабарлайды ERNUR.KZ Ақтөбе облысы ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ресми мәлімет бойынша, бір адам қаза тапты. Оқиға 8 қаңтарда Шалқар көлінде болған. ТЖД қызметкерлерінің айтуынша, ВАЗ-2110 көлігінде жүргізушіден басқа тағы екі ер адам болған. Көліктен жүргізушіні қосқанда екі адам шығып үлгерген. Бір жолаушы суға батып кетті.

"Жағаға 1980 және 1971 жылы туған екі ер адам өз бетімен шықты. Құтқарушылар оларды жылжымалы уақытша жылыту пунктіне орналастырды. Медициналық көмек қажет болған жоқ. Құтқарушылар мұз астына түсіп, суға батып кеткен ер адамның денесін алып шықты", - делінген хабарламада.