Ақтау көшесінде Қазақстанда өте сирек кездесетін құс видеоға түсіп қалды

0
817

Құстың аяғында арнайы белгі бар екендігі байқалған.


Ақтау көшесінде Қазақстанда өте сирек кездесетін құс видеоға түсіп қалды

ERNUR.KZ. Ақтауда тұрғындар "Қызыл кітапқа" енген сирек кездесетін құсты видеоға түсіріп алды, деп жазады Lada.kz.

Қала тұрғындардың бірі "Қызыл кітапқа" енген дуадақты 1В шағын ауданынан 12 қараша күні байқап қалған.

Бұрын соңды өңірде мұндай құсты көрмеген тұрғын оны видеоға түсіріп алды. Сондай-ақ ол құстың аяғында арнайы белгі бар екенін байқаған.

Бұл видео облыстық аумақтық инспекциясының назарына ілінді.

Инспекция ақпаратына сүйенсек, кадрдағы құс - Қазақстанның "Қызыл кітабына" енгізілген дуадақ.

Халықаралық келісімшартқа сәйкес жыл сайын Шымкент қаласындағы арнайы бақта өсірілген дуадақтар Маңғыстау облысына жеткізіледі, осы жерден табиғат аясына жіберіледі.

Биыл шілде айында және қыркүйекте Маңғыстау облысына 2 мың дуадақ жеткізіліп, табиғи ортаға жіберілген.