​ Ақмола облысында 30 мың гектардан астам жер мемлекетке қайтарылды

0
466

Ол ұзақ уақыт бойы тікелей нысаналы мақсаты бойынша пайдаланылмаған.


​ Ақмола облысында 30 мың гектардан астам жер мемлекетке қайтарылды

ERNUR.KZ. Ақмола облысы Бурабай ауданының прокуратурасы жер заңнамасының сақталуына талдау жүргізіп, жергілікті фермердің ауыл шаруашылығы алқаптарын пайдаланбау фактілерін анықтады, деп жазады ҚазАқпарат.

Талдау нәтижелері бойынша Ақмола облысы бойынша Жер ресурстарын басқару департаментіне заң бұзушылықтарды жою туралы ұсыныс енгізілді.

"Нәтижесінде мемлекетке ауданы 30 мың гектардан астам, кадастрлық құны 285 млн теңгені құрайтын жайылымдар қайтарылды, ол ұзақ уақыт бойы тікелей нысаналы мақсаты бойынша пайдаланылмаған.
Осылайша, аудан аумағында жайылымдық жерлердің тапшылығы 50%-ға қысқарды", - деп мәлімдеді Ақмола облысының прокуратурасынан.