Тауық еті мен күріштен өте оңай пісірме

0
1 494


Тауық еті мен күріштен өте оңай пісірме

Қажетті қоспалар:

  • 700 гр. тауық еті
  • 1 стақан күріш
  • 2 стақан су
  • 1 дана сәбіз
  • 1 ас қасық томат
  • 2 тіс сарымсақ
  • 20 гр. өсімдік майы
  • Тұз және дәмдеуіштер

Дайындалу тәсілі:

  1. Алдымен күрішті бірнеше рет жуып, суын төгіп тастау керек. Содан соң ыстыққа төзімді формаға күрішті жайып саламыз.
  2. Томат пен суды араластырып, күріштің барлық жеріне бірдей құйып шығу керек.
  3. Тауық етін ірілеп турап, тазалап жуып, формаға саласыз. Сосын үстінен алақанмен басуға болады.
  4. Сәбіздің қабығын аршып, салқын сумен жуып, дөңгелектеп тураңыз да, тауық етінің бетіне салыңыз. Сарымсақты арнайы езгіштен өткізіп, формаға саласыз да, бетіне тұз, бұрыш себелеуді ұмытпаңыз.
  5. Форманың бетіне фольга қағазын жауып, пешке салыңыз. Артынша пешті 180 градусқа қойып қыздырып, тауық еті қосылған пісірмені саламыз. 20-30 минуттан кейін бетіне жабылған фольганы алып тастап, пеште тағы да 20-30 мминуттай ұстаймыз.

Дайындаған: Қ.Өмірзаққызы,

ERNUR.KZ


ТАҒЫ ДА ОҚЫҢЫЗ:


Мексикандық әдіспен дайындалған ЭНЧИЛАДА


Тауық етінен дайындалатын ең дәмді тағам