​НАН ҚУЫРДАҚ жасап көрдіңіз бе?

0
8 094

Бұл тағамды моңғол қазақтары «нан қуырдақ» деп атаса, қырғыздар «кепкен кеспе» дейді екен. Өте ерекше әрі тойымды асты сіз де жасап көріңіз!


​НАН ҚУЫРДАҚ жасап көрдіңіз бе?


Қажетті қоспалар:

  • Қуырмаға:
  • 500 гр. ет
  • 1 дана пияз
  • 500 гр. картоп
  • Дәміне қарай тұз, бұрыш
  • Қамырына:
  • 200 гр. су
  • 1 дана жұмыртқа
  • 1 шай қасық тұз
  • 500 гр. ұн


Дайындалу тәсілі:

Ең алдымен қамырды илеп алайық. Ол үшін қамырға қажетті қоспаларды табаққа салып, қамыр илейміз. Қамырды біраз тындырып, артынан еттің қамырындай етіп жайып аламыз. Енді қамырды өзіңізге ыңғайлы етіп бірнеше бөлікке бөліп кесіп аласыз да, қызып тұрған табаға салып, кептіресіз. Қамырды бір-бірлеп салған дұрыс. Қатты кептіруге де болмайды. Егер қамыр құрғап кетсе, сынғыш болып, кесуге жарамай қалады.

Қамырды кептіріп болған соң кеспеге арналғандай етіп жұқалап кесесіз.

Қуырмашын дайындау үшін қазанға май құйып, туралған етті салып қуырамыз. Содан соң пияз, картоп, тұз бен бұрыш салып, жақсылап қуыру керек.

1 кеседей су құямыз. Сосын туралған қамырды табаққа салып, азырақ өсімдік майын құйып араластырып, оны да қазанға (қуырманың бетіне) саламыз. Қазанның қақпағын жауып, 7-10 минуттай буда пісіреміз. Осы аралықта қамыр да пісіп қалады. Енді тағамды жақсылап араластырып, дастарханға ұсына беруге болады.

Дайындаған: Құрманкүл Өмірзаққызы,

ERNUR.KZ


ТАҒЫ ДА ОҚЫҢЫЗ:


Алмадан дайындалған заманауи ПИРОГ