Токио әуежайында Japan Airlines ұшағы өртенді

0
1 368

Japan Airlines ұшақтағы 379 жолаушы мен экипаж мүшелерінің барлығы эвакуацияланғанын хабарлады.


Токио әуежайында Japan Airlines ұшағы өртенді

ERNUR.KZ. Токионың Ханеда әуежайында Japan Airlines ұшағы өртенді, деп жазады Kazinform.


NHK түсірілімінде жолаушылардың ұшақтан үрлемелі трап арқылы секіріп шығып жатқаны көрсетілген.

Japan Airlines ұшақтағы 379 жолаушы мен экипаж мүшелерінің барлығы эвакуацияланғанын хабарлады.

Кадрларда ұшақты шарпыған үлкен жалын көрінеді. Ұшақ толығымен өртеніп кеткен, өрт сөндірушілер тілсіз жаумен әлі алысып жатыр.

Өрттің шығу себебі әзірге белгісіз. Reuters және NHK агенттігінің хабарлауынша, Japan Airlines ұшағы Ханедаға қонғаннан кейін жапондық жағалау күзетінің ұшағымен соқтығысуы мүмкін.

Өртке оранған ұшақ 2021 жылы шығарылған Airbus A350 ұшағы. Бұл JAL516 рейсі, Хоккайдо аралындағы «Син Титосе» әуежайынан ұшып келеді.