Танымал КВН ойыншысы қайтыс болды

0
743

​Өлімнің себебі әлі белгісіз.


Танымал КВН ойыншысы қайтыс болды

ERNUR.KZ. Қырғызстанда "Азия MIX" КВН командасындағы Маратик деген есіммен белгілі Марат Жұманалиев қайтыс болды, - деп жазады tengrinews.kz.

Өлімнің себебі әлі белгісіз. Қырғызстанның джиу-джитсу ұлттық федерациясының президенті Абдурахман Мұртазалиевтің айтуынша, жазатайым оқиға болған.


Марат Жұманалиев 43 жаста еді. Ол - бокстан Қырғызстанның екі дүркін чемпионы. Бірақ Жұманалиев "Азия MIX" командасымен бірге КВН-ға қатысу арқылы кең танылды.

Өмірінің соңғы уақыттарында ол қайырымдылықпен айналысып, түрлі қайырымдылық жобаларына қатысқан.