​​Рим Папасы Франциск ауруханаға түсті

0
598

86 жастағы діндардың денсаулығында кінәрат көп.


​​Рим Папасы Франциск ауруханаға түсті

ERNUR.KZ. Рим Папасы Франциск ауруханаға түсті, деп жазады 24.kz.

Телеарна мәліметінше, Понтифик тыныс алу жолының инфекциясына шалдыққан. Ватикан бұл Covid-19 індеті емес деп мәлімдеді.

Бір күн бұрын Франциск тыныс алуы қиындағанын айтып шағымданған. Католик шіркеуінің басшысы ауруханада бірнеше күн емделеді. Ватикан осы аптада жоспарланған барлық іс-шара мен кездесуді кейінге шегерді.

86 жастағы діндардың денсаулығында кінәрат көп. Екі жыл бұрын оның асқазанына операция жасалған еді.