Ресейдің жоғарғы соты ЛГБТ қозғалысына түбегейлі тыйым салды

0
444

Соңғы бір жылда Ресей билігі ЛГБТ қозғалысының жарнамасына және насихатталуына тыйым салған болатын.


Ресейдің жоғарғы соты ЛГБТ қозғалысына түбегейлі тыйым салды

ERNUR.KZ. Ресей Федерациясының жоғарғы соты ЛГБТ қозғалысына тыйым салды, деп жазады stan.kz.

Ресейдің әділет министрлігі 17 қарашада елдің жоғарғы сотына тиісті талап-арыз жіберген. Министрлік "ЛГБТ халықаралық қоғамдық қозғалысын" экстремистік ұйым деп танып, Ресей аумағында тыйым салуды талап еткен. Алайда министрлік өз арызында ЛГБТ қозғалысына тыйым салынуының себептерін көрсетпеген.

Жоғарғы сот істі жабық есік жағдайында төрт сағатта қарады. Отырыста әділет министрлігінің өкілдерінен басқа ешкім болмаған.

Соңғы бір жылда Ресей билігі ЛГБТ қозғалысының жарнамасына және насихатталуына тыйым салған болатын.